«Алтай Ж» ұжымы «Ақсу» командасымен кездесті

Блог им. RomaSport01 /
Өскеменде ел біріншілігі аясында екінші лига командалары арасында «Алтай Ж» және «Ақсу» аяқ доп шеберлері өзара «кім мықтыны» анықтады.
Бірінші лига командалары арасында кезекті ойын нәтижесі белгілі болды. «Восток» алаңында шығысқазақстандық футболшылар бұл жолы «Ақсу» командасымен жолықты. Тартысты кездесу қорытындысында ШҚО дене шынықтыру және спорт басқармасының «Алтай» академиясының футболшылары қонақтардан 2:0 есебімен басым түсті. Алаң иелері сапынан ойынның 35-ші минутында Досжан Кенжеғұлов есеп ашты. Ойынның екінші бөлігінде, яғни 86-шы минутта Серікжан Жүрсінбеков есепті еселеп, таблодағы көрсеткішті 2:0-ге жеткізді. Кездесу қорытындысында шығысқазақстандық ұжым айқын басымдықпен Павлодар облысының ойыншыларынан басым түсті.

ШҚО Дене шынықтыру және спорт
басқармасының баспасөз қызметі

0 комментариев

Только зарегистрированные и авторизованные пользователи могут оставлять комментарии.