«Altay Kids» Риддерге жол тартты

Блог им. RomaSport01 /
«Алтай» жеңіл атлетика клубында атқарылып жатқан жұмыстар жетерлік. Өткен жылы аталмыш спорт түрі бойынша аймақ басшысы Даниал Ахметовтың бастамасымен құрылған еліміздегі ең алғашқы жеңіл атлетика клубының тұсаукесері өтті. Сонда оның басшылары сайыстарға балаларды жаппай тарту арқылы жергілікті кадрлар даярлауға күш жұмсалатынын айтқан.
«Altay Kids Cup» алғашқы турниры Өскеменде өтті, ал араға бірнеше күн салып оның ауқымы Семей және Риддер қалаларын қамтыды. Балалар жарысын өткізуге мысал ретінде UBS Kids Cup швейцариялық үлгісі қолданылуда. Бұған сәйкес жас жеткіншектер 60 м жүгіру, салмағы 200 грамдық допты лақтыру және орнында тұрып секіру сынды бағыттарда бақ сынайды.
Риддерде бұл шара жергілікті «Сокол» алаңының жанындағы спорт модулінде өтті. Мұнда 10-шы гимназия өкілі екі дүркін сайыс жеңімпазы атанды. Ол доп лақтыруда ең үздік нәтиже көрсетті, алайда, 50-метрлік жолақтан асыруға бір метр ғана жетпеді. Сондай-ақ орнында тұрып секіруде 230 см көрсеткішпен лайықты өнер көрсетті.
Қатысушылардың ұзын саны 220-ға таяу болды.
– Турнирдың ең маңызды қорытындысы деп – балалардың жеңіл атлетикаға көптеп келуін айтамын, – деп есептейді сайыстың бас төрешісі, танымал марафоншы Андрей Лейменов. – Тіпті, бір қыз жарыс соңына жеткен соң, жаттығуға келуге өтініш білдірді. Қалған қатысушылардың шешімін күтеміз.

«Altay Kids Cup» қорытындысы

2003-2004 ж.т. жасөспірімдер арасында доп лақтыру қорытындысы
1. Рыльский (14 мектеп) – 61 м
2. Боцман (14 мектеп) – 55 м
3. Колисниченко (14 мектеп) – 53 м
Қыздар арасындағы қорытынды
1. Болатова (10 мектеп) – 49 м
2. Бортникова (лицей) – 38 м
3. Олейникова (10 мектеп) – 33 м
2005-2006 ж.т. ұлдар арасында доп лақтыру қорытындысы
1. Ардалеонов (лицей) – 39 м
2. Антонов (2 мектеп) – 34 м
3. Богомолов (2 мектеп) – 33 м
Қыздар арасындағы қорытынды
1. Блинова (10 мектеп) – 32 м
2. Джангутинова (14 мектеп) – 29 м
3. Ескендірова (10 мектеп) – 24 м
2007-2008 ж.т. ұлдар арасында доп лақтыру қорытындысы
1. Легостаев (5 мектеп) – 32 м
2. Красулин (мектеп) – 30 м
3. Бояринов (5 мектеп) – 26 м
Қыздар арасындағы қорытынды
1. Мащенко (5 мектеп) – 25 м
2. Щипикова (мектеп) – 21 м
3. Басалаева (мектеп) – 20 м
2003-2004 ж.т. ұлдар арасында 50 м жүгіру қорытындысы
1. Пискунов (14 мектеп) – 6,46
2. Боцманов (14 мектеп) – 6,49
3. Ущалов (3 мектеп) – 6,76
Қыздар арасындағы қорытынды
1. Чижикова (14 мектеп) – 7,17
2. Ашикбаева (2 мектеп), Усова (3 мектеп) – 7,37
3. Булатова (10 мектеп) – 7,40
2005-2006 ж.т. ұлдар арасында 50 м жүгіру қорытындысы
1. Антонов (2 мектеп) – 7,23
2. Шешунов (12 мектеп) – 7,31
3. Феклистов (2 мектеп) – 7,44
Қыздар арасындағы қорытынды
1. Вдовина (2 мектеп) – 7,80
2. Эберц (2 мектеп) – 7,80
3. Ушакова (лицей) – 7,83
2005-2006 ж.т. ұлдар арасында 50 м жүгіру қорытындысы
1. Ахментов (лицей) — 7,44
2. Антропов (лицей) – 7,69
3. Кросулин (лицей) – 7,75
Қыздар арасындағы қорытынды
1. Шипикова (лицей) – 7,90
2. Мащенко (5 мектеп) – 8,17
3. Куснова (лицей) – 8,19
2003-2004 ж.т. ұлдар арасында орнынан ұзындыққа қорытындысы
1. Боцманов (14 мектеп) – 250
2. Мейірманов (3 мектеп) – 245
3. Дука (14 мектеп) – 241
Қыздар арасындағы қорытынды
1. Болатова (10 мектеп) – 230
2. Ашықбаева (2 мектеп) – 209
3. Козловская (3 мектеп) – 204
2005-2006 ж.т. ұлдар арасында орнынан ұзындыққа қорытындысы
1. Смолейчик (лицей) – 215
2. Кучин (лицей) – 208
3. Феклистов (2 мектеп) – 206
Қыздар арасындағы қорытынды
1. Бабиева (2 мектеп) – 183
2. Журба (2 мектеп) – 180
3. Блинова (10 мектеп) – 180
2007-2008 ж.т. ұлдар арасында орнынан ұзындыққа қорытындысы
1. Антропов (лицей) – 185
2. Красулин (лицей) – 183
3. Ефремов (5 мектеп) – 177
Қыздар арасындағы қорытынды
1. Кускова (лицей) – 172
2. Шипикова (лицей) – 171
3. Мазулеко (лицей) -165

ШҚО Дене шынықтыру және спорт
басқармасының баспасөз қызметі

0 комментариев

Только зарегистрированные и авторизованные пользователи могут оставлять комментарии.