ШҚО құрамасы VI республикалық Халықтық спорт Ойындарында үшінші орын иеленді

Блог им. RomaSport01 /
Жуырда шығысқазақстандық спортшылар Маңғыстау облысының әкімшілік орталығы Ақтауда өткен Қазақстан Республикасы Президентінің жүлдесіне өткен VI республикалық Халықтық спорт ойындарына қатысты.
Жинаған 603 ұпайына қарай, облыс құрамасы жалпыкомандалық есепте сенімді түрде үшінші орынға жайғасты. Волейболдан ерлер құрамасы 72 ұпаймен топ жарса, бұрымдылар 58 ұпаймен үздік үштіктен көрінді. Жағажай волейболынан ерлер екінші орын еншілесе, әйелдер жағы төртінші орынан көрінді. Аймақ атынан сынға түскен қазақ күресінің шеберлері 30 ұпаймен екінші орынға табан тіресе, үстел теннисі бәсекесінде 58 ұпай жинап, үшінші орына еншіледі. Президенттік көпсайыстан да жоғары нәтиже көрсетті. Бұл ретте 17 ұпаймен екінші орын, ал спорттық бағдарлаудан 30 ұпай олжалап, екінші орынды сақтап қалды.
Құрамында 155 спортшы өнер көрсеткен ШҚО делегациясы республикалық деңгейдегі Халықтық спорт Ойындарында лайықты өнер көрсетті. Төрт күнге созылған додада саңлақтарымыз спорттың 13 түрінен сынға түсті. Тарысты өткен сайыс қорытындысы бойынша жалпыкомандалық қорытынды төмендегідей анықталды:

І орын – Астана қаласы (648 ұпай)
ІІ орын – Шымкент қаласы (626 ұпай)
ІІІ орын – ШҚО (603 ұпай)

ШҚО Дене шынықтыру және спорт
басқармасының баспасөз қызметі

0 комментариев

Только зарегистрированные и авторизованные пользователи могут оставлять комментарии.