ШҚО-да волейболдан аудандық турнир өтеді

Блог им. RomaSport01 /
Ұлан ауданының Герасимовка ауылында волейболдан желтоқсан құрбаны болған қазақтың қайсар қызы Сәбира Мұхаметжанованы еске алуға арналған аудандық турнир өтпек.
Аталмыш жарыс биыл алғаш рет қолға алынып отыр. Мұнда Ұлан ауданынан көптеген командалар және Сәбира Мұхаметжанованың жерлестері екі команда қояды деп күтілуде. Сайысты ұйымдастырушы Бауыржан Заманбековтың айтуынша, салтанатты ашылуына Ұлан ауданының әкімі, бірқатар лауазымды азаматтар келетін көрінеді. Одан бөлек, концерттік бағдарламамен әншілер де өнер көрсетеді. Сонымен қатар ұйымдастырушылар тарапынан осыдан кейін бұл жарысты жыл сайын өткізу жоспарланып отыр. Жүлде қоры да қомақты екен.

ШҚО Дене шынықтыру және спорт
басқармасының баспасөз қызметі

0 комментариев

Только зарегистрированные и авторизованные пользователи могут оставлять комментарии.