Ұландықтар шаңғы жарысы мен оқ атудан шеберлік байқасты

Блог им. RomaSport01 /
Өскеменде қысқы Президенттік көпсайыстан Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының жеке-командалық біріншілігі өтті.
Жарысқа «Шығыс, «Батыс», «Орталық», «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылықтарының, сондай-ақ Ұлттық ұланның Әскери институты және Астана қаласының 5573 әскери бөлімінің құрама командалары қатысты. Шара кезекті қысқы Президенттік көпсайыс кезеңінің салтанатты ашылуынан басталды.
– Мұндай сайыстар салауатты өмір салтын ұстануға шақырып, спортты дамытуға сүбелі үлес қосады. Одан бөлек, жеңімпаз және озық шыққан командалар Ұлттық ұланның ғана емес, халықаралық додаларда ел намысын қорғау мүмкіндігіне ие болады, – деді «Шығыс» өңірлік қолбасшылығының қолбасшысы, генерал-майор Талапкер Амриев.
Бәсеке барысында қатысушылар 34 спорттық разряд орындады. 40-қа жуық ұландықтар 10 метр қашықтықтан пневматикалық винтовкадан ату, гимнастикалық белтемірде тартылу, сондай-ақ 10 шақырымға созылған шаңғы жарысында «кім мықтыны» анықтады. Алғашқы күні әр сарбаздың алдында пневматикалық винтовкадан ату кезінде 10 нысанаға дәл тигізу міндеті тұрды. Ең мерген әрі ептілері алда халықараларлық сайыстарда бақ сынайды.
– Көбінде оқ ату сынында сәтті өнер көрсетуді мақсат етемін. Бұл айтарлықтай қиын спорт түрі. Десе де спорттың негізгі түрі деп көпсайысты айтар едім. Осымен үшінші мәрте қатысып отырмын. Оған дейін екі жыл Ұлттық ұланның Әскери институтының атынан өнер көрсеттім. Нәтижелер де жаман емес-тін, – дейді «Батыс» өңірлік қолбасшылығының сапында сайысқа түскен лейтенант Арслан Айдархан.
Біріншілік қорытындысында, көрсеткіші жоғары болған «Шығыс» өңірлік қолбасшылығы топ жарды. Ұлттық ұланның Әскери институтының командасы екінші, ал «Орталық» өңірлік қолбасшылығының сарбаздары үшінші орыннан көрінді. Жарыс бағдарламаға сай өтті және бәрі де өз деңгейінде ұйымдастырылды. Әрбір қатысушы жеңіске деген жігер тантытып, жоғары деңгейде өнер көрсетуге тырысты.
Жекелей есепте үздік шыққандар мадақтама қағаздар, кубоктер және бағалы сыйлықтармен марапатталды. Біріншілік қорытындысына қарай, жеңімпаздар мен жүлдегерлерден Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы командасы жасақталып, олар ары қарай халықаралық сайыстарда ел намысын қорғайтын болады.

Бағдат Амангелді,
ҚР Ұлттық ұланының «Шығыс» өңірлік
қолбасшылығы баспасөз қызметінің бастығы

Анонимный метапоисковик FlaYper

Блог им. flyper /
Самой конфиденциальной поисковой системой на сегодняшний день является FlaYper. Сервера этого поисковика «снаряжены» мощнейшей метапоисковой системой. Это обозначает следующее: после запроса на поиск FlaYper выдает результаты сразу от нескольких десятков поисковых систем, объединяя их в своем окне выдачи и присваивая каждой ссылке уникальный рейтинг, по которому происходит ранжирование. Несмотря на все производственные мощности, за пользователями не ведется никакой «слежки», более того, даже не фиксируются IP-адреса пользователей. Тем не менее, каждый пользователь может разрешить сохранять настройки своего поиска на сервере анонимного поисковика в виде куки-файлов, которые будут либо удаляться в автоматическом режиме раз в три месяца, либо обновляться при каждом заходе на главную страницу FlaYper.

Мастерство в стрельбе и лыжной гонке показали гвардейцы Казахстана

Блог им. RomaSport01 /
В Усть-Каменогорске прошло лично-командное первенство Национальной гвардии Республики Казахстан по зимнему Президентскому многоборью.
В соревнованиях приняли участие сборные команды региональных командований «Шығыс», «Батыс», «Оңтүстік», «Орталық», а так же сборные команды Военного Института Национальной гвардии и воинской части 5573 г. Астаны. Мероприятие началось с торжественного открытия очередного этапа соревнований по зимнему Президентскому многоборью. Эти соревнования внесут достойный вклад в пропаганду здорового образа жизни и спорта в Республике Казахстан, а также победители и сильнейшие будут достойно представлять не только Национальную Гвардию, но и нашу страну на международных соревнованиях, – сказал в своем выступлении командующий региональным командованием «Шығыс», генерал-майор Талапкер Амриев.
В ходе проведения соревнований участниками было выполнено 34 спортивных разрядов. Около 40 гвардейцев выполняли стрельбы из пневматической винтовки на дистанции 10 метров, подтягивались на гимнастической перекладине, а также соревновались в лыжной гонке на 10 км. Задача каждого бойца в первый день соревнований в стрельбе из пневматической винтовки – поразить 10 мишеней. Самых метких и ловких бойцов ждут международные состязания.
– В основном обращяю внимание на стрельбу. Это очень тяжелый вид спорта. Самый основной вид спорта в многоборье. Уже участвую 3 год. До этого 2 года участвовал за Военный Институт Национальной гвардии. Неплохие результаты показывал, – говорит лейтенант Арслан Айдархан, который соревнуется за сборную регионального командования «Батыс».
По итогам первенства лучших результатов добилась и заняла первое место сборная команда регионального командования «Шығыс», второго место удостоилась сборная команда Военного института Национальной гвардии, а третье место заняли гвардейцы регионального командования «Орталық». Соревнования прошли организованно, согласно программе. Участники проявили мужество, ловкость и огромную волю к победе.
Лучшие по индивидуальным зачетам были награждены кубками, грамотами и ценными призами. По итогам соревнований из числа победителей и призеров будут сформирована сборная команда Национальной гвардии Республики Казахстан, которая в дальнейшем будет представлять на международных соревнованиях.

Багдат Амангельды,
Начальник пресс-службы
РгК «Шығыс» НГ РК.

Добавляй свои сайты в каталог

Блог им. htmaker /
Всем привет!
Представляю вашему вниманию площадку — каталог сайтов, основная задача которого собрать ссылки на хорошие и полезные ресурсы в КазНете, и не только.
Проект поселился по адресу 4lib.kz
Сайты добавляются в каталог бесплатно, заполняете форму, проходите модерацию, и ваш ресурс в каталоге.
Каждый сайт добавляемый каталог проверяется на работоспособность, а так же корректность описания.

«Востокцветмет» биыл да чемпион

Блог им. RomaSport01 /
Өскеменде футзалдан әуесқой командалар арасында XII облыстық және қалалық Біріншілік аяқталды.
Бұл жолы облыс Біріншілігіне 37 команда қатысқан екен. Ұжымдар әр лигада жұмыстарын ойдағыдай атқаруға тырысты. Яғни, бірінші және екінші лигаларда тиісінше бірінші және екінші орын алса, дивизионда жоғарылаулары тиіс. Ал бірінші және екінші лигаларда соңғы орын иеленген ұжым регламентке сай өз лигасынан шығып, келер жылы төменгі орыннан бастайды. Айта кетейік, жыл өткен сайын турнирдегі бәсеке артып, тартысты кездесулер жиі орын алуда. Мұның бәрі әрине, қатысушылардың деңгейі өсіп, командалардың тәжірибе жинақтап қалғандығын аңғартады. Бұл өз кезегінде жанкүйерлер мен турнирді ұйымдастырушыларды қуантуда.
Өткен демалыстарда футзалдан екінші лига командалары арасындағы соңғы тур ойындары өз мәресіне жеткен-ді. Жүлделі үштік келесідей анықталды: қола медальға турнир дебютанты болған «Ахмер 1» әуесқой футбол командасы ие болды. «Кристалл» командасы екінші орын әрі бірінші лигаға жолдама иемденсе, «TGK» ұжымы бірінші орын иеленіп, тиісінше Бірінші лига жолдамасына қол жеткізді. Осыған дейін шағын футбол турнирлерінде аталмыш команда «КазЧерМет» деген атаумен өнер көрсеткен болатын. Сондай-ақ, Екінші лигада 13 ұжым бақ сынағандығын айта кеткен абзал.
Жуырда ғана жоғарғы лиганың қорытындысы белгілі болды. Ойындар аяқталған соң, облыстық футбол федерациясы командалардың басшыларын дипломдар мен алғыс хаттар, ал үздік ойын көрсеткен қатысушыларды арнайы номинациялармен марапаттады. Естеріңізге сала кетейік, облыстық және қалалық Біріншілік 2018 жылдың 15 қарашасында басталған болатын. Турнирдің марапаттау рәсіміне облыстық мәслихат хатшысы, футбол ардагері, Шығыс Қазақстан облысы футбол Қауымдастығының Президенті Владимир Головатюк қатысты. Шара барысында сөз алған футбол ардагері сайыстың жоғары деңгейде ұйымдастырылып, командалардың бапкерлері мен басшыларына жүйелі жұмыстар атқарғандықтары үшін алғыс айтты. Одан бөлек, «АлтайЭнерго» залын лық толтырған жанкүйерлерге де ризашылық білдірді.
– Финалдық ойын көңілімнен ерекше шықты. Матч соңына дейін күтпеген жайттардың да орын алғаны рас. Десе де сапалы әзірлік жүргізіп, сенімді ойнай білген «Востокцветмет» ұжымы жеңіске жетті. Алайда бұл өзге командаларды тиісті деңгейде ойнамады дегенді білдірмейді. Олар да жарады. Әр маусым сайын қатысушы командалар санының ұлғайып келе жатқандығы қуантады, – деді Владимир Головатюк.
Соңғы ойын күні «Кеден» командасы «Имсталькон» футболшыларын 7:1 есебімен айқын ұтты. Осыдан кейін «кедендіктер» жүлделі үштікке сенімді жайғасты. Ал финалдық ойында «Востокцветмет» және «Марқакөл» ұжымдары жолықты. Бұл жолы «ВЦМ» ойыншылары қарсыластарын 6:2 есебімен тізе бүктірді. Бұл турнир кестесіне әсер ете қоймады, ал «ВЦМ» командасы былтырғы жетістіктерін қайталады. Біріншілік қорытындысында «Востокцветмет» әуесқой футбол командасы 62 ұпаймен көш бастады. Оның ізін ала, «марқакөлдіктер» 58 ұпаймен екінші орын, ал «Кеден» ұжымы 45 ұпаймен үшінші орыннан көрінді. Турнир барысында ерекшелене білген қатысушылар арасында «Востокцветмет» сапында Иван Сивожелезов өткен жылдағыдай «Үздік қақпашы» атанды. «Кеден» командасының мүшесі Аян Артуровқа «Үздік шабуылшы» аталымы берілсе, Кирилл Рыкунов «Меркурий-Строитель» ұжымынан «Үздік қорғаушы» деп танылды. Ал қарсылас қақпасына 59 доп соққан «Титан» командасының ойыншысы Есбол Айтбаев «Үздік сұрмерген» аталымына ие болды.
Айта кетейік, араға апта салып, әуесқой командалар футзалдан облыс Кубогі үшін жасыл алаңда өз мүмкіндіктерін байқайды.

ШҚО Дене шынықтыру және спорт
басқармасының баспасөз қызметі

«Востокцветмет» снова победитель высшей лиги

Блог им. RomaSport01 /
В Усть-Каменогорске завершилось XII Первенство области и города по футзалу среди любительских команд.
В этом году в Первенстве области в трех лигах сошлись 37 команд. В каждой лиге команды выполняли свои задачи. То есть, команды, занявшие первые и вторые места во второй и в первой лиге должны подняться дивизионом выше. А команда, занявшая последнее место в первой и в высшей лигах Первенство, по регламенту должна покинуть свою лиги и обязана выступать в следующем году рангом ниже. Стоить отметить, что борьба в турнире с каждым сезоном становится все более острее и конкуренция возросла. Это говорит о том, что мастерство игроков, опыт команд неизменно растут и это радует болельщиков и организаторов турнира.
На предыдущих выходных завершились матчи последнего тура среди футзальных команд второй лиги. Тройка призеров выглядит так: бронзовые медали завоевали дебютанты ЛФК «Ахмирово 1», второе место и путевку в первую лигу оформил коллектив ЛФК «Кристалл». А первое место заняла команда «TGK» завоевавший путевку в Первую лигу. Ранее это команда в мини-футбольных турнирах выступала под названием «Каз ЧерМет». Напомним, что в турнире второй лиги приняли участие 13 команд.
В минувшие выходные стали известны результаты высшей лиги. После окончание игр, от имени областной федерации футбола, руководителям любительских клуб вручили грамоты и дипломы за вклад развития данного вида спорта, а также спортсмены показавшие отличную игру, были удостоены номинациями. Напомним, что Первенство города и области стартовало 15 ноября 2018 года. В церемонии награждения принял участие секретарь областного маслихата, ветеран футбола, Президент ВКОАФ Владимир Головатюк. В своем приветственном слове Владимир Михаилович отметил высокую организацию турнира, энтузиазм руководителей и тренеров команд. А также выразил благодарность всем болельщикам, заполнивших весь зал «АлтайЭнерго».
– Хочу высоко оценить сегодняшнюю финал, которая до самого конца был полон неожиданностью. Но в итоге игроки команды «Востокцветмет» одержали уверенную победу, за счет упорной борьбы. Но надо отдать должное и другим коллективам, которые показали яркую игру. Кроме этого, нас радует что с каждым годом количество команд все больше и больше, – поведал ветеран футбола.
В последний день игр ЛФК «Кеден» крупным счетом обыграла команду «Имсталькон». Матч завершился со счетом 7:1 в пользу первого, тем самым «кеденцы» замкнули тройку сильнейших. А в завершающем матче игроки ЛФК «Востокцветмет» уверенно выиграла у команды «Маркаколь» со счетом 6:2. Однако это не повлияло на турнирную таблицу, и ЛФК «ВЦМ» повторил прошлогодний успех. По итогам турнира на счету ЛФК «Востокцветмет» 62 очко. На втором месте с 58 очками расположились игорки команды «Маркаколь», и на третьее место закрепилось коллектив «Кеден» с 45 очками. Игрок команды «Востокцветмет» Иван Сивожелезов как и в прошлым году, стал обладателем номинации «Лучший вратарь», а Аян Артуров из коллектива «Кеден» был признан «Лучшим нападающим». Если игрок команды «Меркурий-Строитель» Кирилл Рыкунов был удостоин номинаций «Лучший защитник», то Есбол Айтбаев забивший 59 мячей из ЛФК «Титан», стал «Лучшим бомбардиром».
Отметим, что через неделю любительские команды примут участие в Кубке области по футзалу.

Пресс-служба УФКиС ВКО

Академияның ашық біріншілігі

Блог им. RomaSport01 /
Семей спорт академиясының ұйымдастыруымен дзюдо күресінен 2007-2008 жылы туған ұлдар және қыздар арасында ашық біріншілік өтті.
Біріншіліктің мақсаты – дзюдо күресін насихаттау, спортқа енді қадам басқан балғындардың шеберлігін шыңдау, достыққа тәрбиелеу және бапкерлер арасында өзара тәжірибе алмасу. Жарыстың салтанатты ашылуында самбо күресінен Қазақстан Республикасына еңбек сіңірген жаттықтырушы, Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының депутаты, Семей спорт академиясының директоры Мерейғалы Көшкінов болашақ чемпиондарға сәттілік тіледі. Бүгінгі жарыс сіздер үшін жеңісті жолдарыңызды бастауы болсын деген лебізін білдірді.
Ұлдар да, қыздар да 10 салмақ бойынша бақтарын сынады. Жарысқа Ресейден, Астана, Алматы қаласы, Алматы, Павлодар облысы, Шығыс Қазақстан облысының Өскемен, Риддер, Курчатов қалалары және Абай, Аягөз, Бесқарағай, Бородулиха, Жарма, Зайсан, Көкпекті, Тарбағатай, Үржар, Ұлан, Шемонаиха аудандарынан жиыны 685 бала бақтарын сынады. Дзюдо күресінің әліппесін енді ашқан балар үшін бұл әзірге ең үлкен жарыстары. Екі ірі қала, екі облыс пен ШҚО-ның барлық қаласы мен аудандарын жинай білген жарыстың беделі жыл өткен сайын биіктей бермек. Расында, Семей спортының ұстаханасы – Семей спорт академиясы. Оған дәлел 700-ге жуық балғын спортшылардың біріншілікте бақ сынауы.

Семей спорт академиясының баспасөз қызметі.

Ұлттық ұландықтар Президенттік көпсайыстан «кім мықтыны» анықтады

Блог им. RomaSport01 /
Өскеменде «Шығыс» өңірлік қолбасшылығының жүлдесіне қысқы Президенттік көпсайыстан жеке-командалық сайыс өтті.
Жарысқа Өскемен, Семей, Курчатов және Павлодар қалалары өңірлік қолбасшылғының әскери бөлімдері қатысты. Жүлделі орындарды сарапқа салған сарбаздардың ұзын саны 30-ға жуық. Қатысушылар бәсеке барысында 13 спорттық разрядын орындады. Сайыс деңгейі жоғары, барлығы да бағдарламаға сай өткен-ді. Әр қатысушы жеңіске деген жігер танытып, соңына дейін күресумен болды. Десе де Курчатов қаласының 3514 және Өскемендегі 6699 әскери бөлімдерінің әзірлігі тыңғылықты екені байқалды. Ұлттық ұландықтар пневматикалық винтовкадан ату, белтемірде тартылу және 5 шақырымға созылған шаңғы сайсысында өз мүмкіндіктерін байқады.
Айта кетейік, қысқы Президенттік көпсайыстан Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының чемпионаты наурыз айында Өскеменде өтеді.

Бағдат Амангелді
«Шығыс» өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметінің басшысы

Гвардейцы сорвеновались по Президентскому многоборью

Блог им. RomaSport01 /
В Усть-Каменогорске прошли лично-командные соревнования по зимнему Президентскому многоборью на первенство регионального командования «Шығыс».
В соревнованиях приняли участие сборные команды воинских частей регионального командования города Усть-Каменогорск, Семей, Курчатов и Павлодар. Всего 28 участников вступили в борьбу за призовые места. В ходе проведения соревнований участниками было выполнено 13 спортивных разрядов.
Соревнования прошли организованно, согласно программе проведения. Участники соревнований проявили мужество, мастерство и волю к победе. Наиболее подготовленными оказались сборные команды воинских частей 3514 г.Курчатов и 6699 г.Усть-Каменогорск.
Гвардейцы состязались в отдельных видах соревнований как в стрельбе из пневматической винтовки, в подтягивании на перекладине и в лыжной гонке на 5 км.
Надо отметить, что чемпионат Национальной гвардии Республики Казахстан по зимнему Президентскому многоборью проидет в марте месяце в Усть-Каменогорске.

Багдат Амангельды,
Начальник пресс-службы
РгК«Шығыс»

Ұлттық ұландықтар қоян-қолтық ұрысынан сынға түсті

Блог им. RomaSport01 /
Өскеменде «Шығыс» өңірлік қолбасшылығына қарасты Павлодар, Курчатов, Семей және Өскемендегі 7 әскери бөлім арасында қоян-қолтық ұрыстан жарыс өтті.
Дәстүрлі түрде өтетін әскери жекпе-жекке 200-ге таяу жауынгер қатысты. Спорттық шара 1995 жылы ауған-тәжік соғысында қаза тапқан 17 жауынгерді еске алуға арналды. «Ұлттық ұланның» «Шығыс» өңірлік қолбасшылығы біріншілігіне 70-ке жуық әскери қызметкер бақтарын сынап, әскери біліктіліктерін жетілдіріп, өзара тәжірибе алмасты.
– Қоян-қолтық ұрысы тек спорт жүзінде ғана емес, өмірде де керек нәрсе. Өйткені, өзіңді қорғау кезінде, біздің жауынгерлік өмірде де спорт ең қажет нәрсе. Өйткені, біз сотталушылармен қызмет істегендіктен, сотталушылар қарсыласқан жағдайда немесе азаматтық тұлғаларды, құқық бұзған азаматтарды ұстаған кезімізде, ең керек нәрсе осы – жекпе-жек өнері болады.-дейді Павлодардағы 6679 әскери бөлімінің намысын қорғап келген Дәурен Алпысбаев.
Бойдағы жауынгерлік рух пен тасып тұрған күш-жігер арқылы шапшаң қимылмен қарсыласыңа соққы беріп, ұтымды әдіс, шалт қимылдар нәтижесінде жоғары ұпай жинап, жеңіс тұғырына жету – басты мақсат. «Шығыс» өңірлік қолбасшылығы өткізген мұндай жарыстар жауынгерлік рухты оятады. Темірдей тәртіпке тәрбиелейді.
– Менің ойымша, спорт бойға денсаулық, күш пен жігер сыйлап қана қоймайды. Сонымен қатар жеңіске деген құштарлықты оятады. Намысты қайрайды. Дәл осындай азаматтар «Ұлттық ұланның» сапына керек. Өйткені, біз күнделікті әскери тапсырманы орындаймыз. Тәртіпсіздікпен күресіп, қылмыстың алдын алу шараларын өткіземіз. Күтпеген жерден туындайтын түрлі жағдайларда қас-қағым сәтте тығырықтан шығудың амалын тауып, күш-жігеріңді шеберлікпен пайдалану қажет. Ал бұл әскери іс-қимыл техникасын меңгеруді керек етеді, – дейді «Шығыс» өңірлік қолбасшылығы қолбасшысы міндетін уақытша атқарушы, генерал-майор Дмитрий Бочаров.
Жарыс қорытындысы бойынша «Шығыс» өңірлік қолбасшылығы біріншілігіне өткен қоян-қолтық сайысы ұрысынын 1 орынды Курчатов қаласынан келген 3514 әскери бөлімі жеңіп алса, 2 орын Өскемендегі 5518 әскери бөлімінің қанжығасынд кетсе, Өскемендік 6699 әскери бөлімінің спортшылары 3 орыннан көрінді. Барлық жеңімпаздар кубок және мақтау қағаздарымен марапатталды. Жарыс қорытындысы бойынша үздіктер арасынан «Шығыс» өңірлік қолбасшылығының құрамасы жасақталып, алдағы Қазақстан чемпионатында өнер көрсететін болады.

Бағдат Амангелді,
«Шығыс» өңірлік қолбасшылығының
баспасөз қызметі бастығы