ШҚО-да шайбалы хоккейден жолдастық кездесу өтті

Блог им. RomaSport01 /
Өскемендегі хоккей модулінде Елордамыз Астана қаласының 20-жылдығына орай шайбалы хоккейден 2009 ж.т. кіші жасөспірімдер арасында жолдастық кездесу өтті.
Жолдастық кездесу бір минут үнсіздікпен басталды. Күні кеше мәнерлеп сырғанаудан 2014 жылғы Қысқы Олимпиада ойындарының қола жүлдегері, 2017 жылғы Бүкіләлемдік Қысқы универсияданың чемпионы Денис Тен мезгілсіз қайтыс болған еді. Спортшы небәрі 25 жасында өмірден озды.
Спорттық шара алдында кикбоксингтен 5 дүркін Әлем чемпионы, ШҚО дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Асқар Можанов сөз алып, спортшыларға сәттілік тіледі.
– Баршаңызды аймақ басшылығы атынан шараның ашылуымен шын жүректен құттықтаймын. Бұл жерде спортшылар өзара тәжірибе алмасады, әрі кездесуден соң достықтың жеңгенін дұрыс деп санаймын. Дегенмен, әрқайсыңыз жақсы ойын көрсетіп, төрелік тарапы әділ болсын демекпін, – деді басқарма басшысы.
Айта кетейік, айдынға ШҚО дене шынықтыру және спорт басқармасының «ШҚО шайбалы хоккейден мамандандырылған балалар-жасөспірімдер олимпиадалық резерв мектебі» КММ-нің «Торпедо» ұжымы мен Астана қаласы әкімдігінің «Мамандандырылған №10 балалар-жасөспірімдер спорт мектебі» КММ-нің «Астана» хоккей командасы шыққан еді. Ойын барысында «Астананың» басымдығы бірден байқалды. Алма-кезек шабуылдар өскемендік қақпашыны біраз әбігерге салды. Бірінші кезеңнің өзінде 2:5 есебімен қонақтар алда тұрды. Бұдан кейін есепті қысқарту мүмкін болмады. Екінші кезеңде Артем Дмитриев шәкірттері бір гол жіберіп алса, үшінші кезеңде тағы бір гол өткізеді. Қорытынды есеп 2:7, астаналық ұжым пайдасында. Қос ұжым арасындағы кездесу ертең де ШҚО дене шынықтыру және спорт басқармасының «ШҚО шайбалы хоккейден мамандандырылған балалалар-жасөспірімдер олимпиадалық резерв мектебі» КММ-де жалғасын таппақ.

ШҚО Дене шынықтыру және спорт
басқармасының баспасөз қызметі

В ВКО прошел товарищеский матч по хоккею

Блог им. RomaSport01 /
В хоккейном модуле Усть-Каменогорска прошел товарищеский матч по хоккею с шайбой среди спортсменов 2009 г.р. и младше посвященная 20-летию столицы страны города Астана.
Товарищеский матч начался с минуты молчания. Напомним, вчера ушел из жизни бронзовый призер Зимних Олимпийских игр 2014 года, чемпион Всемирной Зимней универсиады 2017 года Денис Тен. Спортсмену было всего 25 лет.
Перед началом спортивного мероприятия пятикратный чемпион Мира по кикбоксингу, руководитель управления физической культуры и спорта ВКО Аскар Можанов пожелал удачи участникам.
– От имени руководства области поздравляю вас с открытием данного мероприятия. Здесь спортсмены смогут обменяться опытом, считаю правильным, если победит дружба. Но, хочу сказать, чтобы каждый из вас показал хорошую игру, и пусть судейство будет честным, – сказал руководитель управления.
Отметим, что на лёд вышли воспитанники КГУ «СДЮШОР по хоккею с шайбой" управления физической культуры и спорта ВКО команда «Торпедо» и коллектив «Астаны» из КГУ «СДЮСШ №10 по хоккею с шайбой» акимата города Астана. В ходе игры было явно заметно лидерство «Астаны». Шайбы забитые одна за другой застали в расплох устькаменогорского вратаря. В первом тайме гости уже лидировали со счётом 2:5. После этого невозможно было сократить счёт. Во втором тайме воспитанники Артема Дмитриева пропустили один гол, а на третьем так же не удалось спасти свои ворота. В результате игра завершилась со счётом 2:7, в пользу астанинской команды. Сплочённая команда КГУ «ВКО СДЮСШОР по хоккею с шайбой» управления физической культуры и спорта ВКО продолжит свои встречи и завтра.

Пресс-служба УФКиС ВКО